Нью Орлеандағы сусыз, азық-түліксіз отырған мыңдаған адамға әскери көлік керуендерімен азық-түлік, дәрі-дәрмектің алғашқысы жұма күні ғана жетті. Ұлттық әскери қосындар қаланы ұры, қарақшыдан тазалап, тәртіп орнатуға кірісті. Баспанасыз қалғандар Техас штатында дайындалған 70 мыңдай қонысқа жол тартты.