Accessibility links

Америка халқы 4 жыл бұрынғы террористік қастандықты есіне алып жатқанда, АҚШ президенті сапарға аттанды


НЬЮ-ОРЛЕАН. “Катрина” дауылынан апатқа ұшыраған штаттарға дер кезінде көмек бермегені үшін өткір сынға тап болған АҚШ президенті Дж.Буш кеше Нью-Орлеан қаласына келіп, бүгін жергілікті билік өкілдерімен кездесуге тиіс. Бұл Дж.Буштың осыдан 2 апта бұрын апатқа ұшыраған Нью-Орлеанға үшінші сапары. АҚШ президенті Нью-Орлеанға Америка халқы 2001 жылдың 11-інші қыркүйектегі террористік қастандыққа 4 жыл толуын атап өтіп жатқанда келді. Ол қастандықта 3 мыңға жуық адам құрбан болған еді. Ал ресми мәлімет бойынша “Катрина” дауылынан 400-дей адам, оның ішінде Нью-Орлеан мен Луизиана штатының басқа елді-мекендерінде 197 тұрғын, Миссисипи штатында тағы 211 тұрғын қаза болды.
XS
SM
MD
LG