ТОКИО. Жапонияда кеше болып өткен парламент сайлауында билік басындағы Либералдық-демократиялық партиясы басым дауыспен жеңіске жетті. Сауалнамаға қарағанда, осы партия мен оның коалициядағы серігі парламенттің төменгі палатасындағы 480 депутаттық орынның 327-сіне ие болды. Сайлауға дейін оның 249 депутаттвық мандаты болатын. Аталмыш партияның лидері әрі премьер-министр Дзюньитиро Коидзуми осы жеңіске қарамастан, партия басшылығында отырған мерзімі аяқталатын 1 жылдан кейін үкімет басынан кететінін мәлімдеді. Күншығыс елінің іскерлері ЛДП-ны жеңісімен құттықтап, реформаны дереу іске асыруға шақырды.