ДАМАСК. Ливанның бұрынғы премьер-министрінің өліміне байланысты тергеу жұмысын жүргізіп жатқан БҰҰ-ның өкілі бүгін Сирияға келді. Хабарларға қарағанда, Детлев Мехлис Дамаскіде Сирияның ресми өкілдерімен келіссөз өткізген. Бұған дейін Хариридің өліміне қатысты Сирияны қолдайтын 4 ливандық генерал тұтқындалған болатын. Естеріңізге сала кетсек, Рафик Харири ақпанның 14-күні Ливан астанасы Бейрутте орын алған жарылыстан қаза болған-ды. Сирия бұл іске біздің қатысымыз жоқ дейді.