Accessibility links

АҚШ НАТО-дан Ауғанстандағы күштерінің санын 20 мыңға дейін ұлғайтуды өтінеді


БЕРЛИН. Ауғанстанда жексенбі күні өтетін парламент сайлауы кезіндегі әскери одақтың рөлін талдау үшін бүгін Берлинде НАТО-ға мүше 26 елдің қорғаныс министрлері бас қосуға тиіс. Қазір НАТО одағы халықаралық күштерге көмек ретінде Ауғанстанның солтүстігі мен батысында 10 мыңдық әскерін шоғырландырып отыр. Ресми Вашингтон НАТО-дан Ауғанстандағы күшін 20 мыңға дейін ұлғайтуды өтініп, тәліптердің қалдықтарына қарсы күреске ден қоюға шақырып отыр. Берлиндегі 2 күндік бас қосудың барысында НАТО одағының келешегі де сөз болуғак тиіс.
XS
SM
MD
LG