Ресей президенті Владимир Путин БҰҰ-ның жылдық жиналысында сөйлеп, ұйымның Қауіпсіздік кеңесін халықаралық терроризмге қарсы күресті жетектеуге шақырды. Терроризм адам құқықтары мен бостандықтарына үлкен қауіп төндіреді, сондықтан БҰҰ мен Қауіпсіздік кеңесі терроризмге қарсы халықаралық әріптестіктің басқару орталығына айналу керек, - деді президент Путин. Алпыс жылдығын атап отырған БҰҰ аймақтық қақтығыстарды басу жолдарын білсе жөн, - деді Ресей президенті.