Accessibility links

Беларус оппозиция белсенділерінің жоғалып кеткеніне алты жыл болды


Беларус астанасы Минскте полиция кеше бейбіт демонстрацияны күшпен таратып жіберді. 70 шақты азамат демонстрация өткізуге рұқсат алмаса да, ел астанасының бас алаңына шықты. Олар осыдан алты жыл бұрын жоғалып кеткен оппозиция қайраткерлері Виктор Гончарь мен Анатолий Красовскийлерді еске алды. Полиция демонстрацияға шыққан адамдарды бірнеше рет алаңнан шығарып жіберді, қайта жиналдырмай қойды. Ешкім қамауға алынған жоқ. Беларус оппозиция қайраткерлері Виктор Гончарь мен Анатолий Красовский 1999 жылы оппозиция баламалы президенттік сайлау ұйымдастырып жүрген кезде жоғалып кеткен. Іс бойынша тергеу осыдан екі жыл бұрын тоқтатылған.
XS
SM
MD
LG