Accessibility links

АҚШ билігі жақын күндерде Нью-Йоркте лаңкестік шабуылдар болуы мүмкін деп, қаланың транспорт жүйесінде қауіпсіздік шараларын күшейтті


ВАШИНГТОН. Мэр Майкл Блумбергтің мәлімдеуінше, АҚШ-тың Федеральдік Тергеу Бюросы қаланың ресми өкілдеріне Нью-Йорктың метросына шабуылдар жасалуы мүмкін деп хабарлаған. Журналистерге берген сұхбатында Блумберг қаланың транспорт жүйесінде қауіпсіздік шаралары қолға алынды деді. Ол бұл қауіп-қатер туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берген жоқ. Мэр Блумберг адамдарды сақ болуға шақырды. “Егер бір нәрсені байқасаңыз, хабар беріңіз. Содан кейін профессионалдар оны зерттейді. Ерекше дәрежедегі бұл қауіп-қатер алғашқы рет төніп тұр,” деді Блумберг.
XS
SM
MD
LG