ИСЛАМАБАД. Пәкістан үкіметінің соңғы мәліметі бойынша, елдегі қуатты жер сілкінісінен 19 мыңнан астам халық қырылды. Пәкістанның ішкі істер министрі Афтаб Ахмед Хан Шерпоның мәлімдеуінше, 42 мыңға тарта адам түрлі жарақат алды. Пәкістан үкіметі құрбандардың саны одан да арта түседі деп сескенеді – қираған үйлердің астында мыңдаған халық қалды. Бүгін Пәкістан президенті Первез Мушарраф апаттан жапа шеккен халқына көңіл айтты: “Бүгін Пәкістан мен тұтас бір ұлт ең зор апат пен трагедияға душар болды. Мұндай кезде бүкіл халық осындай трагедияны бір кісідей қарсы алады деп сенемін. Ең алдымен мен туған-туыстары қаза болғандарға көңіл айтқым келеді”. Үнді үкіметі жер сілкінісінен 360 адамның қаза тауып, 850-інің жараланғанын үнді бүгін растады. Ауғанстанда кемінде 1 адам қаза тпты. Халықаралық қоғам табиғи апатқа ұрыған елдерге көмекке асығуда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады