БЕРЛИН. Бүгін Берлинде Германия канцлері Герхард Шредер мен консервативті жетекші Ангела Меркель қайтадан кездесіп, Германияның келесі канцлері кім болмақ деген мәселені талқылайды. Қыркүйектің 18-де өткен парламенттік сайлауларда Меркельдің Христиан демократтары партиясы Шредердің социал демократтары партиясымен салыстырғанда бір пайызға көбірек дауыс жинаған болатын. Бірақ аталған екі партия елдің үкіметін құруға жеткілікті дауысқа ие болмаған. Енді олар үлкен коалиция құру туралы келіссөз өткізіп жатыр. Ол келіссөз кеше басталған болатын.