Accessibility links

Иран өзінің даулы ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзге отырудан өзге жол жоқ деп санайды


БЕРЛИН: Бүгін АҚШ-тың мемлекеттік департаметінің Еуропа мен Еуразияға жауапты лауазымды өкілі Курт Волкер “EU3” деген атауымен танылған Германия, Франция, Ұлы Британия мен АҚШ-тың Иран мәселесін бірлесіп қолға алуы өте маңызды деп атап көрсетті. Оның мәлімдеуінше, алдағы уақытта да Вашингтон осы үштікпен тығыз байланыста іс атқарады. Бүгін ресми Теһран да өзінің даулы ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзге бару туралы “стратегиялық таңдау” жасағанын мәлімдеді. Студенттердің ISNA агенттігіне берген сұхбатында Иранның ұлттық қауіпсіздігі бойынша Жоғарғы Кеңесінің өкілі Әли Аға Мохаммад даулы бағдарлама бойынша Теһранның халықаралық қоғаммен “келіссөзге баруынан өзге жолы жоқ” деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG