Илхам Алиев, Михайл Саакашвили, Ахмет Неждет ашылуына қатысқан бұл жоба Каспий теңізі мұнайын игерудегі табысты бағыт болады, деп үміт артылуда. АҚШ-тың қолдауындағы бұл жоба бойынша батысқа қарай алғашқы мұнай тарту үдерісі жыл соңында басталмақшы. Каспий мұнайына иелікте Иран, Қазақстан, Ресей, Түркменстан елдері де өз үлестерінің барлығын айтып келеді.