КИЕВ: Кеше Украинаның Бас прокуроры Святослав Пискун әлі үміткер болып жүрген кезінде қазіргі президент В.Ющенконы өлтіру мақсатымен оны қасақана уландырғаны дәлелденді деп мәлімдеді. Ол жөнінде Бас прокурор Киевте “Пора” атаулы қоғамдық ұйымның өкілдерімен кездесуі барысында мәлімдеді. “Қазір, деп атап көрсетті Пискун, В.Ющенконы уландырғаны туралы іс тергеліп жатқан жоқ. Бұл істі өткен жылдың желтоқсан айында бұрынғы Бас прокурор Васильев заңсыз түрде жапты”. С.Пискунның атап көрсетуінше, В.Ющенконың өміріне қасы жасалған іс қайта ашылды. Украина президенті В.Ющенко сайлауалды науқаны барысында өзіне қастандық жасалғанын әлденеше рет мәлімдеген болатын.