Accessibility links

Әзірбайжан оппозициясының басшысы қамалу қаупіне қарамастан ертең еліне оралады


Әзірбайжан оппозициясының шетелде он жыл қуғында жүрген басшысы Расұл Құлиев қамалу қаупіне қарамастан ертең оралмақ. Әзірбайжан парламентінің бұрынғы төрағасы Расұл Құлиев қаржы тәртібін бұзған деп айыпталып, іздеуге жарияланған. Ол 1996 жылдан бері Америка Құрама Штаттарында жан сауғалап жүр. Әзірбайжан Демократиялық партиясының төрағасы Расұл Құлиев қараша айында өтетін парламенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелді. Оппозиция өкілдері Расұл Құлиев Баку әуежайына дүйсенбі күні келеді, оның жанында журналистер мен адвокаттар болады, ол қамауға алынса да – билік босатуға мәжбүр болады деді.
XS
SM
MD
LG