ТЕҺРАН. Бүгін Теһрандағы Ағылшын елшілігі Иранның Хузистан провинциясындағы жарылыстарға Ұлыбританияның қатысы жоқ деп мәлімдеме таратты. Елшілік сондай-ақ ол жарылыстарды айыптады. Сенбі күні Иранның Хузистан провинциясының Ахваз қаласында екі бомба жарылған болатын. Жарылыс салдарынан 4 адам қаза тауып, кемінде 80 кісі жараланған. Жарылыс орын алған провинция - ағылшын әскерлерінің бақылауындағы Ирақтың оңтүстігіне жақын жерде орналасқан. Иран Ұлыбританияны бұл жарылыстарды жүзеге асыруына араб сепаратистеріне көмек берген деп айыптаған болатын. Ал Британия мұны жоққа шығарып отыр.