ИЕРУСАЛИМ: Израильдің қорғаныс министрлгінің өкілі Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы ірі қалалардың арасындағы қатынасқа шектеу қою арқылы Израиль қорғаныс шарасын қабылдауға кірісті деп мәлімдеді. Оған себеп: Палестина лидері Махмуд Аббас бастаған ФАТХ қозғалысының қарулы қанаты болып табылатын “Әл-Ақса шаһидтерінің бригадасы” Израиль жауынгерлерімен арадағы кешегі қақтығысты өз жауапкершілігіне алды. Бұл – осыдан 1 ай бұрын Газа аймағынан Израильдің шегінуінен бергі бірінші қанды шабуыл болып отыр. Бұл қақтығыс Израиль премьер-министрі А.Шарон мен Палестина лидері М.Аббастың таяу күндері өзара бас қосуына бөгет болуы мүмкін.