Брюссель. БҰҰ-ның төтенше көмекті үйлестірушісі Жан Егиланд НАТО кеңесінің басқосуына альянстың 26 елінің зілзаладан аман қалғандарға берілетін көмекті ұлғайтып, жеделдету турасында өтініш жасамақшы. Хабарларға қарағанда, НАТО Пәкістанға көмек жүгін тасуға тікұшақтарды көбірек бөліп, жолдар мен құлаған үйлерді аршып, тазалауға инженер-қызметкерлерді көптеп жібере алады. БҰҰ-ның жетекшілері Пәкістанға деген көмекті ұлғайту арқылы бұл аймақта екінші рет жаппай өлім-жітімге жол бермеуге шақырған болатын. Пәкістанда 8 қазанда болған жер сілкінсінде құрбан болған адамдар саны 50 мыңға жақындайды.