Брюссель. Түркияның премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Оңтүстік Азияда табиғат апатынан аман қалғандарға жеткілікті көмек берілмей отыр, халықаралық қауымдастық баяу қимылдауда деп сынағаннан кейін НАТО елшілері осындай шешімге келді. Пәкістан жағының ең соңғы деректеріне қарағанда, 8 қазандағы жер сілкінісі құрбандарының саны 51300-ге жеткен, ал Үндістан Кашмирдің Үндістан аймағында қаза болғандар 1300 адамнан асады дейді.