Accessibility links

Теһран ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта іске асырылып жатқанына әлемнің көзін жеткізбекші


ТЕҺРАН. Иранның мемлекеттік телекомпаниясының хабарлауынша, уәжге келмейтін Иран президенті Махмуд Ахмадинеджадтың үкіметі өзге елдер мен шетелдік компаниялардың ұлттық ядролық бағдарламаға қатысуына мүмкіндік беретін ереже қабылдады. Бірақ нақты қандай ел мен компанияға жол ашылатыны айтылмады. М.Ахмадинеджадтың мәлімдеуінше, ядролық бағдарламаға шет елдер мен компаниялардың қатысуы – ол бағдарламаның бейбіт мақсатта жүзеге асырылып жатқанына әлемнің көзін жеткізеді. Ресми Вашингтон Теһранға ядролық бағдарлама жойқын қару шығаруүшін керек болды деп күдіктенеді.
XS
SM
MD
LG