Accessibility links

Бүгін Бейжинде Ресей премьер-министрі Михаил Фрадков Қытай премьер-министрі Уен Жибаомен кездесті


БЕЙЖИН. Хабарларға қарағанда, екі ел премьерлері 8 келісімге қол қойған. Кездесуден кейін, Фрадков Ресей мен Қытай өзара қарым-қатынастарында жоғары сенімге қол жеткізді деді. Ал Уен Жибао екі ел арасындағы қатынастар әріптестік пен стратегиялық ынтымақтастыққа негізделген деп атап көрсетті. Фрадков ертең Қытай президентімен кездеседі. Өткен аптада Ресей президенті Владимир Путин Бейжин мен Мәскеудің экономикалық қатынастарын мадақтаған болатын. Сонымен қатар Ресей мен Қытай жазда алғашқы бірлескен әскери жаттығуларын өткізген-ді.
XS
SM
MD
LG