Accessibility links

Алматыда шығатын «Жұма-таймс» газетінің соңғы санының бар тиражын полиция тәркіледі


Газетті бейсенбі күні Алматыдағы Медеу аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері тәркілеп алып кеткені жөнінде «Жұма таймс» газеті редакторының орынбасары Бақытгүл Мәкімбай «Азаттық» радиосының тілшісіне хабарлаған. Ал өткен айда Алматылық ресми әкімшілік «Свобода слово» газетінің 10 мың данасын тәркілеген болатын. Газеттің ол санында президент Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның бизнесі жөнінде мақала басылған еді.
XS
SM
MD
LG