Accessibility links

Ауғанстанда қыркүйекте болған сайлаулар қорытындысын жариялау тағы да кейінге қалдырылды


Бұл жолы Қандағар аймағында орын алған заңсыздықтар жөніндегі шағым себепкер болып отыр. Соңғы қорытындылар өткен айда әзір болады, деп жоспарланған еді. Қазіргі кезде елдің 33 аймағындағы сайлау қорытындылары әзір екен. Сайлау барысындағы заңсыздықтарға жол берген деген айыппен 50-дей сайлау бекеттері қызметкерлері жұмыстан босатылып, сондай-ақ сайлау жәшіктерінің 3 пайызы санақтан шығарылып тасталған болатын.
XS
SM
MD
LG