Бейрут. Бұл тәуелсіз комиссияның тексерулер жүргізе бастаған маусым айынан бергі мемлекет басшысынан дерек алған алғашқы әрекеті. Комиссияның өткен айдағы хабарламасында 14 ақпанда Харири мен басқа да 20 адамды құрбан еткен Бейруттағы жарылысқа Лаходтың қатысы болмаған делінген. Дегенмен осы істегі күдіктінің жарылыс болардың алдында президент сарайына телефон шалғаны мәлім болған. Президент әкімшілігі жариялаған мәлімдемеде президенттің тергеушілер сұрақтарына орай дерек-мәлімет бергендігі айтылған.