ВАШИНГТОН. Америка Құрама Штаттары Ресей мен Өзбекстан арасында қол қойылған одақтық қарым-қатынас туралы келісімге байланысты пікір білдіруден бас тартты. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Адам Ерели Өзбекстанның басқа елдермен қарым-қатынастары Өзбекстанның ісі деді. Кеше Ресей президенті Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов екі ел арасындағы одақтық келісімге қол қойды. Ол келісімге сәйкес, Ресейдің Өзбекстандағы әскери базаны қолдануға мүмкіндігі бар. АҚШ-ы Әндіжан оқиғасына байланысты Өзбекстан үкіметін сынаған соң, Өзбек билігі АҚШ күштерінің елден шығып кетуін талап еткен болатын.