Мұндай зерттеулерді жүргізу дүниежүзінде кеңінен тараған тәжірибе. Оны өткізетіндердің айтуынша, бұл шара сайлау науқанның ашық болуына мүмкіндік туғызады. «Еуразиялық рейтинг агенттігінің» атқарушы директоры Юрий Черкасовтың айтуынша, зерттеу нәтижесі бейтарап болады және бұл жұмыс ешқандай саяси мақстатта қолданылмайды. Бірақ, ресми дерекпен сауалнама нәтижесі арасында үлкен алшақтық болатын жағдайда біз наразылық білдірмейміз, деді ол.
Зерттеу шеңберінде сайлау учаскелерінен шыға берісте бір күн ішінде 12 мыңға жуық дауыс берушілерден жауап алу жоспарланған. Бірақ, зерттеу авторларының айтуынша, сауалнама көбінесе қалаларда өткізіледі. Ал, Орталық Азия университетінің басшысы әлеуметтанушы Мақаш Тәтімовтың айтуынша, сайлаушылардың ауқымды бөлігі ауылды жерде тұрады:
- Қазақ сайлаушылардың 50 пайызы ауылда. Кәрілер сайлауға келгеніменде үлкен әсері жоқ. Ал, жастар белсенді емес. Орыс тілді сайлаушылардың зейнеткерлері болса сағат 7-де тұрып алып, дауыс береді. Оларда зейнеткерлер көп, ал, қазақтар арасында жастар.
«Еуразиялық рейтинг агенттігінің» атқарушы директоры Юрий Черкасовтың айтуынша, зерттеу негізінен қалаларда жүргізіледі, өйткені, ауыл тұрғындары мұндай сауалнамаларға үйренбеген, екіншіден, елді мекендерде байланыс жоқтың қасы, үшіншіден, ондағы тұрғындар шындықты емес, сіз күтіп отырған жауапты беруді әдеттенген, дейді ол.
Зерттеу президенттіктен үміткер болып отырғандардың штабтарынан дербес жүргізіледі. Сондықтан, онда бейтараптық сақталады, деген пікір бар. Ал, Орталық Азия университетінің басшысы әлеуметтанушы Мақаш Тәтімовтың айтуынша, орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәліметпен сауалнама нәтижесі ұқсас болады, дейді ол:
- Үлкен алшақтық болмайды. Әрине, ресми деректен біраз айырмашылық болады.
Ал, халықаралық бақылаушылардың кейбіреуі сауалнама өткізілуі дұрыс, бірақ, сайлау нәтижесіне заң бұзу фактілері әсер етеді, деген пікірін білдірген. Сайлауды бақылау жөніндегі CIS-EMO халықаралық ұйымының Қазақстандағы миссиясының жетекшісі Марина Богдановичтің айтуынша, сайлау заңнамасын бұзу фактілері Алматы, Шымкент және Қызылордада байқалған. Ал, кейбір аймақтарда адамдар электронды дауыс беру жүйесіне күмәнмен қарайды, дейді Марина Богданович.
Сауалнама республиканың барлық облыстарында және Астана, Алматы, Семей қалаларында өткізілетін болады. Ал, Сайлауды бақылау жөніндегі CIS-EMO халықаралық ұйымының Қазақстандағы миссиясының жетекшісі Марина Богдановичтің айтуынша, Семейде мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдардан және олардың 5 туысынан жеке куәліктерінің штрих кодтары сұралған. Және жеке әңгімеде оларға сайлауға бармасаңыздарда болады, дауыс беріледі деп жауап берген. Мұның бізде айғақтары бар, дейді Марина Богданович.
Зерттеу нәтижесі Республика бойынша, «31 телеарна» арқылы ресми деректер түспей жатып көрсетіледі. Республикалық «31 телеарнаның» Астанадағы бөлімінің бастығы Ержан Барманқұловтың айтуынша, сауалнама нәтижесі тек 4-і күні түңгі сағат бірде көрсетіледі, өйткені, Қазақстан заңдары бойынша, сайлау біте салысымен оның нәтижесін жариялауға болмайды. Телеарнаның өтінішіне Орталық сайлау комиссиясы осылай жауап берген.