ҚАНДАҒАР. Бүгін Ауғанстанның Қандағар қаласында жанкешті жарған бомбадан үш Ауған азаматы қаза тауып, төрт адам жараланды. Ал бұдан екі күн бұрын Кабул қаласында НАТО күштеріне шабуыл жасалып, бір Германия сарбазы мен 8 ауған азаматы құрбан болған-ды. Сонымен қатар, бүгін елдің Ішкі істер министрлігі Пактика аумағында орын алған жарылыстан 5 полиция қызметкері опат болып, екеуі жарақат алды деп хабарлады. Бұл шабуылға қатысы бар деген күдікпен екі кісі қамауға алынды.