Accessibility links

АҚШ Ирақтағы 160 мыңдық күштерінің қатарын 20 мыңға қысқартуы мүмкін


ВАШИНГТОН. АҚШ-тың қорғаныс министрі Дональд Рамсфелдтің мәлімдеуінше, Ирақтағы АҚШ әскерінің қатары желтоқсан айына белгіленген сайлаудан кейін күрт қысқартылуы мүмкін. “Эй-Би-Си” телекомпаниясына берген сұхбатында Д.Рамсфелд осы күні Ирақтағы 160 мыңдық АҚШ жауынгерлерінің 20 мыңға жуығы елге оралуы ықтимал деп атап көрсетті. Соңғы кезде Америкада Ирақтан әскерді шығаруға шақырған үндеулер жиі көтеріліп жүр.
XS
SM
MD
LG