АМСТЕРДАМ. Бүгін Голландияда Франс ван Анраат деген голланд кәсіпкері Ирақтың бұрынғы диктаторы С.Хусеинге химиялық заттар сатып, оның әскери және адамзатқа қарсы жасаған қылмыстарына атсалысты деген айып бойынша сотталады. С.Хусеин ван Анрааттан сатып алған химикаттарды 1980/88 жылдары Иранға қарсы соғысында және оның ішінде – Ирақ күрдтеріне қарсы 5 мыңдай адам құрбан болған 1988 жылғы химиялық шабуылына пайдаланды. Ван Анраат Ираққа химикаттарды сатқанын жасырмайды, бірақ С.Хусеин режимінің ол химикаттарды өзге мақсатқа пайдаланатынын білмедім деп ақталады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады