КИЕВ. Бүгін Украина халқы бұрынғы режимді құлатып президент Виктор Ющенконы билікке әкелген “қызғылт-сары төңкерістің” бір жылдығын тойлауда. Өткен жылы Украинада президент сайлауының бұрмалануына қарсы жүз мыңдаған адам жаппай наразылық шеруін өткізген болатын. Мерекені атап өту үшін Ющенконың қолдаушылары Киевтің “Тәуелсіздік алаңына” жиналып жатыр. Ал оппозициялық “Братство” партиясы мерекеге қарсылық білдіріп, наразылық шеруін өткізбекші.