Accessibility links

М.Саакашвили бастаған Грузия НАТО-ға қашан мүше бола алады?


ТБИЛИСИ. Грузин президенті Михаил Саакашвили Грузия НАТО құрамына 2009-ыншы жылға қарай қабылданады деп үміттенеді. Кеше түнде журналистермен жүздескенінде Саакашвили: “Біз менің президент тағында отырған мезгілде НАТО-ға мүше боламыз ғой деп ойлаймын. Оған дау жоқ!” деп сыр бөлісті. Өз кезегінде НАТО өзіне мүше болуы үшін Грузия ұлттық армиясын қайта құруға тиіс деп нұсқап отыр. М.Саакашвилидің президенттік мерзімі 2009-ыншы жылы аяқталады.
XS
SM
MD
LG