БЕЖИН-ХАБАРОВСК. Бүгін Қытайдың экология жөніндегі мемлекеттік комитеті Сунгари өзені суымен ағып келе жатқан улы химикаттар Қытай-Ресей шекарасындағы Амур өзеніне 2 аптаның ішінде келіп құятынын хабарлады. Бежин мен Мәскеу уланған судың қозғалысын бақылап отыру үшін өзара телефон байланысын орнату туралы уағдаласты. Хабаровск өлкесінде өзеннің химикаттармен улану мүмкіндігіне байланысты төтенше тәртіп орнатылуы ықтимал. 13-інші қараша күні Қытайда Амур өзеніне құятын Сунгари өзені бойындағы химия кәсіпорнында жарылыс болды. Сунгаридің төменгі ағысында орналасқан Қытайдың Харбин қаласында су құбыры бірнеше күн бұрын бойы жабық тұр. Тұрғындар шөлмектегі ас суды сатып алып жатыр.