Грозный. Сайлау комиссиясының ресмилері дауыс берушілер қатарында 600 мыңдай адамның тіркелгенін айтты. Қос палаталы парламенттегі 58 орын үшін барлығы 350-дей үміткер бақ сынайтын болады. Бірқатар ресейлік және халықаралық адам хұқтарын қорғаушы ұйымдар Шешенстандағы парламент сайлауын саяси көзбояушылық деп сынға алды.