Қараша айындағы үгіт насихат материалдарының мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын есептеген мониторинг нәтижесінде айтылғандай, соңғы аптада жалпы сайлауға қатысты 445 материал жарыққа шыққан, оның ішінде үгіт насихат жазылған 276 материал бар екен. Ақпарат министрлігінің есептеуінше, бұл материалдарда Назарбаев туралы 80 және Тұяқбай туралы 76 материал жарыққа шыққан. Қалғандарынікі бұдан әлдеқайда кем. Министрлік өкілдері үміткерлер туралы берілетін ақпараттың аз көптілігін штабтардың белсенділігімен түсіндіріп отыр. Ал, сайлауға оппозиция атынан түсіп отырған Жармахан Тұяқбай штабының өкілі Айдос Сәрім бұл пікірмен келіспей отыр.
- Назарбаевпен Жармаханды салыстырсақ, арасы жер мен көктей. Мына ақпарат министрлігінің әдісі Назарбаевтың тек сайлауға қатысы бар материалдарын есептейді. Жалпы, экономика өркендеп жатыр деген мақалалардада Назарбаевты мақтайды, оны неге есептемейді?
Ақпарат министрлігінің бөлім бастығы Медеу Қарсақбаевтың айтуынша, министрлік сайлау додасына түсіп отырған ададмардың ар ожданына тиетін материал жарияламау керектігін ескерткен:
- Екі газетте ақпарат министрлігінің барлық бұқаралық ақпарат құралдарына жасалған үндеуі жарияланған. Онда сайлау додасына түсіп отырған адамдардың ар ожданына тиетін насихатқа тыйым салынады деп жазылған.
Жармахан Тұяқбай штабының өкілдері үгіт насихат беруге жауапты мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары өз ниеттерімен цензура енгізіп, сайлауға түсіп отырған кейбір адамдардың құқын шектеп отыр, деп есептейді. Штаб өкілдерінің айтуынша, осы кемшіліктер туралы ақпарат Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының миссия басшысы Одри Гловерге берілген. Сайлауға оппозиция атынан түсіп отырған Жармахан Тұяқбай штабының өкілі Айдос Сәрімнің айтуынша, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары кей жағдайда үгіт насихат материалдарын жарыққа шығарудан бас тартқан. Мысалы, «Егемен Қазақстан» газетінің өкілдері Жармахан Тұяқбайдың мақаласында «Назарбаевтың жеке дара билігі» деген сөзге қарсы болған, олар «Назарбаевтың» немесе «жеке дара билігі» деген сөзді алып тастаңдар, деп талап қойған:
- Ең қызығы 5 беттік «Қазақстан» телеарнасының жауабы. Онда олар Қазақстанда кедейшілік жоқ, дейді. Жармахан өз мәтінінде кедейшілік, жемқорлық бар, деген тезистерді айтқан. Ал, олар бізде жемқорлық, кедейшілік жоқ, статистика бойынша былай, деп жауап келген. Сосын сотқа бәріне шағымдандық. Ең қызығы эфирге 1 жарым сағат қалғанда «Қазақстан» телеарнасы аяқ астынан өз хатынан бас тартып, телевидения және радиодан Жармаханның мәлімдемелерін бәрін көрсетті.
Ақпарат министрлігінің бөлім бастығы Медеу Қарсақбаевтың айтуынша, Жармахан Тұяқбай штабынан министрлікке шағым түспеген, ал, Назарбаев штабының атынан шағым түскен, дейді ол:
- Назарбаевтің штабынан хат түсті, онда Атырауда шығатын «Алтын орда» газеті 10 мың данамен шығады, ал, жартысы тегін таратылып жатыр, делінген. Біз Атырау облысының әкімшілігіне жолдадық.
Ал, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменнің айтуынша, оларға Жармахан Тұяқбайдың штабынан шағым түсе салысымен, тиісті шаралар жасалған:
- «Қазақ радиосы» мен «Қазақстан» телеарнасының келісім бермей жатыр деген шағымды Жармахан Тұяқбайдың өкілі маған тапсырды. Тиісті шаралар жасалды. Жармахан Тұқбай «Қазақстан» телеарнасынан өз бағдарламасын түсіндірді, бүгін «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде басқа кандидатпен тең жағдайда ол кісінің сайлау алды бағдарламасы жарияланды.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан заңдары бойынша, мемлекет президенттік сайлауға түсіп отырған адамдарға телевидениядан 15 минут бойы өз бағдарламасын жеткізуге кепілдік береді. Оның сыртында, радиода 10 минут және басылым беттерінде баспа бетінің оннан бір бөлігі көлеміндегі ақпараттың мемлекет жарыққа шығуына кепілдік береді.