ВАШИНГТОН. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, Американың елшісіне Ирақтағы жағдайға қатысты мәселелерді талқылау үшін Иран өкілдерімен кездесуге рұқсат берілді. Департамент өкілі Шон МакКормактың айтуынша, АҚШ-тың Ирақтағы елшісі Залмай Халилзад Иран ресмилерімен Ирақ пен Иран арасындағы шекараға байланысты тақырыптар жөнінде келіссөз өткізуі мүмкін. Бұл мәлімдемеге орай Иран өкілдері әзірше ешқандай пікір білдірмеді. АҚШ пен Иран арасындағы ресми дипломатиялық қарым-қатынастар 1979-шы жылы орын алған Ислам төңкерісінен кейін үзілген болатын.