Астана. Рейтер агенттігі бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабековтың сайлау бақылаушылары дауыс берулер болмай жатып-ақ онда болатын заңсыздықтар тізімін дайындап жатыр деген сөзін келтірген. Жұмабеков оппозициялық күштер сайлау бұрмаланды деп сипаттап, соңынан наразылықтар ұйымдастырғысы келеді деп атап көрсеткен. Желтоқсанның 4-інде Қазақстанда өтетін президенттік сайлауды 1100-ден астам халықаралық байқаушылар бақылайтын болады.