Ирақ мәселесін Құрама Штаттарымен талқылаудың Иран үшін қажеті жоқ, дейді ресми Техран
АҚШ-тың Ирақтағы елшісі Залмай Халилзад Ирақ мәселесін Иран басшыларымен ақылдасуға АҚШ Мемлекеттік департаменті тарапынан нұсқау алғандығын айтқан болатын. Иран ресми өкілдері мұндай сөйлесулердің болу мүмкіндігін сейсенбі күні жоққа шығарды.