Сонымен, Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауы өткеннен кейін екі күннің ішінде сайлаушылардың дауыс беру нәтижесінің толық қорытындысын жариялап, қаулы қабылдады. Дауыс берудің ресми қорытындысы бойынша, Қазақстан президенті болып тағы да жеті жыл мерзімге Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлаушылардың жалпы саны – 8949199 екен. Республика бойынша 8720381 бюллетень таратылған. Ал дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 6871571. Сайлау жәшігіне салынған бюллетендердің 127304 жарамсыз болып табылған. Ал артық қалған 2183977 бюллетенді жойған.
Қазақстандағы президент сайлауының ресми қорытындысы бойынша, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Владимир Фоос мәлім еткендей, Ерасыл Әбілқасымов 23252 дауыс алса, «Ақ жол» партиясының жетекшісі Әлихан Бәйменовке 108730 адам даусын берген. Мэлс Елеусізов 18834 дауыс жинаған. Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бергендер саны 6147517 болса, Жармахан Тұяқбайдың үлесіне 445934 дауыс тиген.
Дегенмен Орталық сайлау комиссиясының ресми қорытындысына біріккен оппозиция атынан президенттікке түскен Жармахан Тұяқбайдың сенімді өкілі Мұрат Раев сенбейді. Ол өздерінің әлі күнге дейін сайлау қорытындысы бойынша хаттамалардың көшірмесін ала алмай отырғандарын айтады. Оппозиция өкілі осы аптаның соңына қарай президент сайлауының қортындысына байланысты келесі қадамдары жайында арнайы мәлімдеме жасайтындарын айтты.