Аталған баяндамада көлік тасымалы мәселесін шешіп, шығынды және тасымал уақытын азайтуға болады деп хабарланады. Су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін сату арқасында 2 миллион доллар қосымша табыс табуға және шығынды 2 миллиард долларға азайтуға болатындығы есептелген. Жоба үйлестірушісі Яцек Цукровскидің айтуынша, ынтымақтастық көбеетін болса, алдағы 10 жылда аймақтағы елдер ішкі жалпы өнімдерін екі есеге дейін ұлғайта алады. Шетелдік инвесторлар тек тұрақты аймаққа келеді, мысалы, инвесторлар Қырғызстанға емес, тұтас аймаққа қарайды, дейді ол.
Баяндама авторлары донор елдерді аймаққа көрсетіліп жатқан көмекті ұлғайтуға шақырып отыр. Жоба үйлестірушісі Яцек Цукровскидің айтуынша, донорлар ақшамен, кеңеспен, жобамен көмек көрсете алады. Олар қаржылай қызықпайды, бірақ, олар кедейшіліктің азайғандығы аймақтағы бейбітшілікке септігін тигізітенідігін біледі, дейді ол.
Ал, егерде аймақтағы елдер бір бірінен оқшауланып, ұйымның ынтымақтастықты арттыру кеңесіне құлақ аспаса, елдердегі жағдай нашарлап, әлеуметтік толқуларға әкеп соғуы ықтимал, дейді баяндама авторлары. Саясаттанушы Досым Сәтбаевтің айтуынша, саяси элиталар біреумен біріксек бір нәрсе жоғалтамыз деп ойлайды, ал, ЕуроОдақ көрсеткендей егерде бір нәрсе берсеңіз, белгілі бір талаптар сақталған жағдайда, сіз әлдеқайда көп табасыз, дейді ол.
Ал, Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Рабиль Жошыбаевтың айтуынша, болашақта Қазақстан көрші елдермен экономикалық шекарасын ашады.
Баяндама авторларының айтуынша, Орталық Азия аймағы Еуропа, Ресей және Қытайға есірткі тасымалданатын негізгі бағыт. Есірткінің едәуір бөлігі Тәжікстан арқылы өтеді. Баяндамада жазылғандай, жыл сайын 100 тонна героин осы жолмен өтеді. Ал, Қазақстан парламентіндегі Қорғаныс комитетінің төрағасы Серік Әбдірахмановтың айтуынша, есірткімен күресу үшін қаржыны ұлғайту керек:
- Шамалы бюджет берген Қазақстанға. Мысалы Иран осы күреске бірнеше миллиард доллар жұмсайды. Мен ойлаймын, есірткі жолында күнін көріп жүрген шен шекпен киген лауазым иелері бізде де бар деп.
Жалпы, аймақтағы 5 елде 60 миллион адам тұрады. Бұл елдерде тікелей теңізге шығу мүмкіншіліктері жоқ. Және бұл аймақ әлемдегі ең кедей аймақтарға жатқызылады. Алайда, осы аймақ мұнай және пайдалы қазбаларға бай деп хабарланады. Ал, инфрақұрылым сапасының төмендігінен тауар тасымалдаудағы шығын үлкен. Оның үстіне жемқорлық экономикаға қатты кесірін тигізеді. Баяндама авторларның айтуынша, аймақтағы фирмалардың үштен бір бөлігі жиі пара беріп келеді. Қазір Қазақстан тауарын Мәскеуге жеткізу үшін бір жүк машина тауарға 3 мың доллар шығын шығаруға тиіс, бірақ, іс жүзінде бұл шығын екі есе артық екендігі есептелген. Ал, жол тарифтері азайса, Қазақстан ішкі жалпы өнімін 20 пайызға арттыруға мүмкіншілік алады деп хабарланады. Ал, Қазақстан парламентіндегі Қорғаныс комитетінің төрағасы Серік Әбдірахмановтың айтуынша, парақорлық көптеген игі шараларды жоққа шығаруы ықтимал:
- Мысалы, шекарадан өту үшін, тек мемлекеттік авто инспекция азаматтарының 1 ассалоумағалейкүмі 2 мың теңгеге жетеді екен. Мен айдаушылардан сұрадым бермей қоймайсың ба деп, ол айтады бермесем менің құжаттарымды салып алады да шай ішуге кетеді деп. Мемлекеттік авто инспекциядағы жігітпен сөйлестім, неге елдің қалтасын қағасыңдар деп, аға жинағанның 10 пайызы менде қалады, қалғаны жоғарға кетеді, заман солай деді.
Жоба авторлары аймақтағы экстремизмге алаңдаушылық танытады. Бірақ өзге саяси ойдағы адамдарға көрсетілетін қысым, керісінше, осы қауіпті өсіруі мүмкін, дейді баяндама авторлары.