Accessibility links

Халықаралық Атом энергетика агенттігі Иранға тағы ескерту айтты


Халықаралық Атом энергетика агенттігінің бастығы Мұхамед Эль-Барадей Иранның ядролық белсенділігіне қарап халықаралық қауымдастықтың шыдамы таусылып барады деп мәлімдеді. "Әл Хайат" араб газетінде жарияланған сөздерінде Мұхамед Эль-Барадей Иран құпия түрде ядролық қару өндіріп отыр деп әлем жұртшылығы алаңдайды, Иранға күш қолданылса бұл мәселені шешпейді деді. Мұхамед Эль-Барадей Иранға қайырылып уран байыту әрекетін тоқтатуды сұрады. "Себебі уран байытуды игерген ел бірнеше айдан соң ядролық қаруды да жасай алады", - дейді Халықаралық Атом энергетика агенттігінің бастығы.
XS
SM
MD
LG