Accessibility links

Ирақ полициясы хабарлағанындай, бүгін Бағдадта жанкешті жарған бомбыдан кемінде 30 адам қаза тауып, көптеген кісі жарақат алған


Бомба автобуста жарылған. Бұл арада егер Ирақтағы өзге тұтқындар босатылмаса, Ирақта кепілдік тұтқында отырған 4 христиан азаматы екі тәуліктен кейін мерт етіледі деп ескертілген. Олар - АҚШ, Британия және Канададан келген бейбітшілік белсенділері.

Бүгін Британия сыртқы істер министрі Джак Стро кісі ұрыларына Лондоннан тұрып өтініш жасап, оларды Ирақтағы Британия ресмилерімен байланысқа шақырды.
XS
SM
MD
LG