Қырымдағы құс тұмауы белгілері табылған аймақты 3 километрге дейін Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі оқшауланған аймақ деп жариялады. Ресми тұлғалардың айтуынша, 2 мыңнан аса адамға құс тұмауына қарсы екпе жұмыстары жүргізілген. Құстары дертке шалдыққан үйлердің тұрғындары тұтастай дәрігерлік бақылауға алынған екен. Баз бір азаматтардың айтуынша, Украина өкіметі бұл дертке қарсы күресті тым баяу бастаған. Жалған ақпараттар да істің алға жылжуына кедергісін келтірсе керек.
Әлемдік Денсаулық сақтау өкілдерінің айтуынша, мұқият түрде пісірілген жағдайда құс етінде зиянды нәрселер қалмайды. Ал, Қырым тұрғындарының айтуынша, ел өкіметі іске кіріскенге дейін бірнеше апталар бойы құстар қырылумен болған. Осы аймақта елбасы Виктор Юшенко болып, төтенше жағдай жариялады. Сондай-ақ қоғамдық сақтық шараларын жүргізу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы дағдарыс жағдайындағы басшылық топты жасақтады. Аталған жағдайға байланысты Юшенко мырза Мал шаруашылығы медицинасының басшысы Петро Вербитскийді орынынан алатындығын айтты.
Төтенше жағдайды жариялау ұсынысын сейсенбі күні ел Парламенті мақұлдаған болатын. Бұл шешімді Украина Денсаулық сақтау министрі Юри Польяченко ақтауға тырысты; “Дәрігерлер мұндай шешім аса қажет болды, деп ойлайды. Біріншіден, төтенше жағдай жариялау мұндағы тұрғындар мен осында жұмыс істеп жатқан дәрігерлер және басқа да топтар арасында тәртіптің орнауына ықпал етеді. Олай болмаған жағдайда, тек қана оқшаулау аймақтарын жариялау арқылы біз проблеманы шеше алмаймыз. Бұл жарайяланған жағдайды ауыл тұрғындары мейлінше қалыпты тәсіл деп қабылдап отыр. Біз мұнда елбасы Юшенкомен бірге кеше болған едік”, деді Польяченко мырза.
Қырымдағы құстардың қырғынына алып келген Н5 вирусының Азияда адам өліміне себепші болған Н5N1 вирусымен қаншалықты ұқсастығын анықтау тиіс болуда. Украина Ауыл шаруашылық министрі Олександр Баранивскийдің айтуынша сараптау қорытындысы Британия мен Италияның зертханаларынан келіп қалуы тиіс еді.
Қырым аймағымен шекаралас Ресейдің Краснодар аймағында да мал дәрігерлері сарапшылары нәубеттің алдын-алу шараларын күшейте түскен. Жыл құстары күзде жылы жаққа ұшқанда және көктемде қайтып оралғанда Қырымға аялдайды. Қырымдағы Сиваш бұғазына биылғы жылы жарты миллиондай құс қонып ұшады, деп күтілуде.
Ал Аң-құстар хұқын қорғаушы топтар болса, құс тұмауының таралуына жыл құстары себепші болып отырған жоқ, деп уәж айтуда. Мысалы Бирдлайф интернейшнл тобының дәлелдеуінше, қазіргі кезде бірнеше миллиондаған жабайы құстар қыстайтын өлкелеріне жеткен. Және олардан H5N1 вирусы байқалмаған, дейді олар. Аталған топ және Аң-құстарға адамдардың этикалық қарым-қатынасын қалыптастыру атты ұйымның айтуынша, үй құстарын асыраумен айналысатын фермалар мен құс етін сыртқа өнім ретінде шығаратын орындар құс тұмауының таралуына бірден-бір себепші көздер болып отыр.