“Транспаренси Қазақстан” халықаралық ұйымының атқарушы директоры Сергей Злотниковтың пікірінше, егер де Қазақстан коррупцияға қарсы халықаралық конвенцияға қол қойса, онда өзінің мойнына үлкен жауапкершілік алған мемлекет бұл келеңсіз құбылыспен күресуге мәжбүр болады. Алайда бұл құжатқа қол қоюға шенеуніктер тарапынан кедергілер аз емес екен. Сергей Злотниковтың айтуынша, қазақстандық шенеуніктер біз алдымен өзіміздің заңнамаларымызды ретке келтіріп алайық деген желеумен бұл маңызды құжаттың қол қойылуын ылғи да кейінге шегеріп келеді.
Қазақстан қоғамына коррупцияның дендеп еніп алғандығы туралы осы күнге шейін аз жазылған жоқ. Өз еліндегі жаппай белең алған коррупцияны жеңген мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, бұл келеңсіз құбылыспен тек жариялылық пен демократиялық жағдайда ғана күресуге болады. Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың айтуынша Қазақстанда коррупция тақырыбына батыл барып барып жүрген саусақпен санарлықтай ғана журналистер бар. Оның себебін Сейтқазы Матаев бұл тақырыпты қозғаған журналистердің түрлі келеңсіз жағдайға ұшырып жататындығымен байланыстырып отыр.
Соңғы жылдардың ішінде Қазақстандағы коррупция тақырыбын қозғаған азаматтардың қайғылы қазаға ұшырауы тым жиілеп кетті. Атап айтқанда, кейінгі бір-екі үш жылдың ішінде коррупция тақырыбына мақала жазып жүрген журналистерді бірі Асхат Шәріпжанов және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың коррупцияға қатысы бар екендігін әшкерелеймін деп мәлімдеген Заманбек Нұрқаділовтың жұмбақ жағдайда қаза тапқандығы белгілі.
Қазақстанның жоғары билігіндегі коррупция туралы мақала жазған журналистердің бірі - Сергей Дуванов. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетел банктеріндегі есеп-шоттарындағы ақшасы туралы өз тұрғысынан дәлелдер келтіріп, “Қозылар неге маңырамайды?” деген мақала жазған еді. Осы мақала жарыққа шыққаннан кейін, арада біраз уақыт өткен соң журналист Сергей Дувановқа “кәмелетке толмаған жас қызды зорлады” деген айып тағылып, сот үкімімен бас бостандығынан айырылған болатын. “Кәмелетке толмаған жас қызды зорлады” деген өз басына тағылған айыпты мойындамаған журналист Сергей Дувановтың пікірінше, Қазақстанда билік ауысқанда ғана жоғары жақпен жең ұшынан жалғасып жатқан коррупцияны жеңуге мүмкіншілік туады. Оның айтуынша, Қазақстандағы билік басына демократиялық ұстанымдарға берік адамдар келгенде ғана коррупцияға қарсы күрестің пәрменді жүргізілуі мүмкін.
Алматы қалалық ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқарма бастығының орынбасары Саммудин Әбдіхайымов “Азаттық” радиосына берген түсініктемесінде, жыл өткен сайын Алматы қаласында коррупцияның азайып келе жатқандығын айтты. Ал, халықаралық сарапшылардың ресми деректеріне жүгінсек, Қазақстан коррупция қатты белең алған әлемдегі 100 елдің жуан ортасында тұр.