КУАЛА ЛУМПУР. Бұл басқосудың қарсаңында Қытай премьер-министрі Уен Жибао Қытайдың тез дамып жатқан экономикасы Шығыс Азия елдері үшін қауіп емес, керісінше мүмкіндік деді. Ал сәрсенбі күні Малайзия астанасы Куала Лумпурда “Шығыс Азия басқосуы” өтеді. Бұл жиынға Оңтүстік Шығыс Азия елдері қауымдастығына мүше 10 мемлекет, сонымен қатар Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінің өкілдері қатысады.