Брюссель. Одақта қазір төрағалық етуші Ұлыбритания Одақ өкілдерін ортақ бір мәмілеге келтіруге тырысуда, алайда әзірге Лондон тарапынан жасалған ұсыныстың ешқайсысы қолдау тапқан жоқ. Кеше ертерек Германияның сыртқы істер министрі Франк-Уалтер Штайнмайер бюджет жобасы бойынша келісімге алдағы саммитте қол жетуі мүмкін деді. Британияның соңғы ұсынысы Одаққа жаңадан мүше болған 10 мемлекетке бюджеттік қаржыландыруды қысқарту туралы болған еді.