Брюссель. Европа басшылары жариялағалы отырған мәлімдемеде Махмұд Ахмаданижедтің жақында Холокост қырғыны аңыз және Израилды карта бетінен өшіру керек деген сөздері өте жөнсіз айтылған сөздер деп жазылған. Евродақ мәлімдемені толықтай қабылдайтын болады. Иранның ішкі істер министрі президенттің Холокост пен Израил туралы айтқандары дұрыс түсінілмей қалған деп атап көрсеткен. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Скот Маккормак бұндай мәлімдеме Ахмаданижедтің айтқандарын түсіндіру үшін тым жұмсақ, әлсіз қадам дегенді айтты.