Accessibility links

Америка ғалымдары қатерлі ісік ауруын тудыратын генетикалық өзгерістерді зерттейтін тәжірбие жобасын бастап отыр


АҚШ үкіметі кәдімгі қатерлі ісік ауруын тудыратын түйіршіктерді болдырмау үшін генетикалық өзгерістерді зерттейтін сынақ жобасын қолға алды. Бұл зерттеулерге қатысқан ғалымдардың айтуынша, бұл шаралар кемінде жаман ауруды емдеудің әсерлі тәсілдеріне жол ашады. Қазіргі таңда күллі адамзаттың гені немесе генетикалық картасының шарт белгілері анықталған кезде, қауіпті ісік ауруы картографиясының технологиясын қолдану келесі логикалық қадам болмақ дейді бұл саланың ғалымдары.

Бүгінгі таңда қазақтың жаман ауру деп атайтын қатерлі ісік дертінің 200-дей түрі бар екені, олардың бәрі адам клеткасындағы генетикалық өзгерістерден пайда болатыны айтылуда. Ендігі кезде осы қауіпті ісік, яғни рак ауруының клеткаларын зерттейтін уақыт келгенін айтады АҚШ үкіметінің Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық институтының генетика жөніндегі докторы Франсиз Коллинс.

“Рак генетикалық ауру. Іс жүзінде, алғашқы үндеуді адам генетикасы жобасының ғылыми журналында өткен 1986 жылы қатерлі ісік аурының зерттеушісі Ренато Дулбекко жасаған. Ендігі мүмкіндіктер ауруды жеңу мақсатындағы ең дұрыс жол болады”, - дейді Франсиз Коллинс.

Уашингтонда өткен аптада болған баспасөз мәслихатында доктор Коллинс, адам генетикасының картографиясын жасау екі жарым жыл бұрын аяқталғаннан соң, қатерлі ісік ауруының генетикалық картасын жасауға толық мүмкіндік туып отыр деп айтқан.

Бұл тәжірбиелік бағдарламасы жүздеген қатерлі ісік дертіне шалдыққан адамдардың қанындағы рак түйіршіктерінің бірнеше түрін зерттеумен басталып, одан кейін оны адамның генетикалық картасымен салыстырып, клеткада ненің өзгергенін байқайды. Бүгінде бірнеше қатерлі ісік ауруының өзгерістері демек, көкірек қатерлі ісігі, аналық жыныс безі мен өкпе рагінің түрлері оқшауландырылған. АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институты олардағы өзгерістерді бұдан да нақтырақ анықтауды жоспарлап отыр.

Баспасөз маслихаты кезінде Коллинс бұл жобаның негізгі мақсатына ептеп тоқталды. Дегенмен, «Азаттық» радиосы осы зерттеуге тартылған азаматтың бірін сөзге тартып, бұл рак генетикасының тәжірбиелік жобасы диагноз қоюға, аурудың алдын алуға, немесе оны емдеп-жазуға мүмкіндік жасайтындай күш сала ма деп сұраған еді. Ұлттық денсаулық сақтау институтының адам генетикасының сыртқы зерттеулері жөніндегі директоры доктор Марк Гайер, ол сауалдардың бәріне “ия” деп жауап берді.

“Бұл істер әрбір рак түрінің барлық генетикалық жиылысының жан-жақты түсінігін береді. Бұл қатерлі ісік дертінің негізгі деңгейінің қандай жағдайда екенін түсіне аламыз, біз жаңа терапияларды, жаңа профилактикалық стратегиялар мен күштірек тексеру технологияларын дамыта аламыз”, - деді доктор Марк Гайер.

Қатерлі ісік ауруына себеп болатын гендер қалай өзгереді дегенге ғалым Гайер, ол рак ауруының алдын-алуы мүмкін немесе ол мүмкін болмаған жағдайда, ол дертті әсерлі емдеп тіпті аурудан айықтыру деп айтқан.

Бұл тұста ғалым Гайер, қандай терапия түрлерін алу мүмкіндігі болады деген сауалға, әртүрлі рак дертіне шалдыққан аурулар бұл жобаның қандай да бір нәтиже бергенін күтіп отырмауы керек деді. Гайердің өз сөзінде, ең жақсы диагностикалық құрал-жабдықтар алдыңғы нәтижелер қатарында болады әрі оның соңы нақты дәрі-дәрмек жасаумен жалғасады деген үмітін білдіреді. Бұл зерттеулердің үлкен уәделер беретінін ескерсек, не себепті ғалымдар бұл жобаны ұзақтан бері бастамай отырды деген сауал туындайды. Оны Гайердің түсіндіруінше, қазірге дейін осындай зерттеулердің мүмкіндігі болмады. Өйткені, адам генетикасының картографиясын толығымен жасамай тұрып, ғалымдар ол жобаны бастай алмаған. Бұл адам генетикасының картасы тек 2003 жылдың сәуір айында аяқталған. Сонымен қоса, Гайер мұндай зерттеулердің құны жаңа технологияларымен қоса қажетті деңгейге дейін төмендегенін және келешекте де азаятынын айтты.

АҚШ үкіметі біраздан бері бұл зерттеулердің бірінші сатысына 100 млн доллар жұмсауды жоспарлап отыр. Гайердің сөзіне қарағанда, әзірге қосымша ақша бөлуге уәде жасалмаған. Оған қосымша қаражат бөлу мәеселесі- тәжірбие-сынақ жобасының нәтижесіне байланысты болады.
XS
SM
MD
LG