Израиль террорлық деп қабылдайтын "Хамас" исламшыл көтерілісшіл тобы сайлауға үміткерлерін шығаруы мүмкін. Израиль үкіметі мұндай жағдай орын алса Шығыс Иерусалимде тұратын палестиндіктерге дауыс беруге тиым саламыз деп ескертті. Израиль бас министрінің өкілі Раанан Гиссин "Хамас" тобын әлемнің жартысы террорлық деп таныған, "Хамас" Израильді және еврей халқын жоюды мақсат тұтады, "Хамасты" өз қолымызбен алға жылжытудан аулақпыз деді. Палестина ресми өкілдері бұл тиым себебінен сайлауды кейінге қалтыруымыз мүмкін деді. Дегенмен, Палестина президенті Махмұд Аббас бұл жайында әлі шешім қабылдаған жоқпын деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады