Accessibility links

Әндіжан қақтығысына байланысты тағы 24 адам сотталды


Өзбекстан әскерінің 19 сарбазы мен 5 полиция қызметкері Әндіжан қақтығысы кезінде міндеттерін салғырт орындады деген айып бойынша істі болып табылды. Әндіжан оқиғасы бойынша соңғы екі айда Өзбекстанда 150-ден астам адам сотталып кетті. Дегенмен, қауіпсіздік сала қызметкерлері Әндіжан қақтығысына байланысты алғаш рет сотталып отыр. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Льюс Арбоур Өзбекстанда өтіп жатқан соттарда әділдік жоқ, үкімдер әділетсіз шығарылып жатыр, Әндіжанда жаппай қырғын жасаған нақты азаматтар жауапқа тартылмай жатыр деді.
XS
SM
MD
LG