Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің кеңесшісі Мұқтар Кәрібайдың айтуынша әзірбайжан ұшағы Бакуден 20 шақырымдай қашықтықтағы Апшерон жартыаралындағы Курдыхан ауылы маңында құлаған.
«Қазір құлаған ұшақтың сынықтары мен апат болардан бұрын ұшақтағы техникалық көрсеткіштер және ұшқыштардың сөздері автоматты түрде жазылып қалған магниттік таспа сақталған «қара жәшікті» іздестіріліп жатыр. Алайда ондағы ауа-райының қолайсыздығы мен қалың жаңбыр бұл жұмысқа кедергі келтіріп отыр», - деді ол сенбі күні «Азаттық» радиосына берген сұхбатында.
Қазақстанның сыртқы істер мекемесі өкілінің айтуынша апатқа ұшыраған әзірбайжан ұшағында қазақстандық 4 азамат болған. Бұл хабарды Ақтау қаласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың шұғыл кезекшісі Әубәкір Әбентаев та растады.
«Олардың аты-жөндері: 1971 жылы туған Дмитрий Исаков, 1984 жылы туған Татьяна Каранникова және Ұлыбританияда оқып жүрген, «Болашақ» стипендиясының иегері Болат Қарынтаев және Айнұр Сүлейменова деген азаматша. Алайда, бұл әзірге анықталған азаматтардың аты-жөндері», - деді төтенше жағдайлар жөніндегі мекеме өкілі Ә.Әбентаев сенбі күні «Азаттық» тілшісіне.
ҚР сыртқы істер министрлігінің өкілі М.Кәрібайдың айтуынша, ұшақ апатына байланысты Әзірбайжанда үкімет комиссиясы құрылып, апаттың неден болған себебін анықтап- тексеру басталған. Сенбі күні апат болған жерге Әзірбайжан елінің президенті Ильхам Әлиевтің келгені хабарланды. Әзірге дейін апаттың неден болғанды туралы анық емес, оған ұшақтың техникалық жағдайы, сондай-ақ бұл террорлық әрекет болуы да мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Әзірбайжан бұл ұшақты осыдан бір жылдай бұрын Украинадан сатып алған екен.
Әзірбайжанда болған ұшақ апатына байланысты Қазақстан президенті Н.Назарбаев Әзірбайжан президенті И.Әлиевке жеделхат жолдап, көңіл айтты.
«Қазақстанның Әзірбайжандағы елшілігі тікелей байланыс телефондарын құрып, апатқа байланысты құрбан болған қазақстандық азаматтардың туыс-туғандары мен дос-жарандарына жауап беруге дайын», - деді Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің өкілі.
Апат болған ұшақтағы жолаушылар арасында Қазақстандық 4 адамнан басқа бір-бірден Грузияның, Ұлыбританияның және Түркия мемлекеттерінің азаматтары болғаны хабарланып отыр. Ал қалғандары Әзірбайжан елінің азаматтары болған.