БАҒДАД. Ирақтағы өткен дүйсенбі – 15-інші желтоқсандағы парламент сайлауынан кейінгі ең қаралы күн болды. Осы күні Ирақта 20 адам қаза тапты. Ирақтың Дияла өлкесінің әкіміне қарсы қастандық ұйымдастырылды. Оның автокөлікке отырып келе жатқан жолында бомба жарылып, әкім мен оның көлік жүргізушісі жарақат алды. Қастандықты “Әл-Қаида” ұйымының Ирақтағы қанаты өзі ұйымдастырғанын мәлімдеді. Бағдад қаласында бомба орнатылған 5 автокөлік жарылып, 8 адам қаза болып, 40 кісі жараланды. Бағдадтың солтүстігінде болған 2 шабуылдың салдарынан 10 полицей оққа ұшып, үшеуі жарақат алды. Қарсы шабуылдың барысында шабуыл жасағандардың алтауы көз жұмды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады